М.БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты: … жәрдемақы төлеу мүмкіндіктерін қарастыру керек

Қазіргі таңда елімізде 340 мыңнан аса көп балалы отбасы бар. Оның 237 мыңы – “Алтын алқа” мен “Күміс алқа” иелері. Сонымен бірге, 85 мың мүгедек бала, 400 мыңға жуық балалары бар, бірақ асыраушысы жоқ не одан айырылған жалғызбасты ана бар.

Сондықтан үкімет “Алтын алқа”, “Күміс алқасы” бар аналардың, асыраушысы жоқ аналардың, мүгедек әйелдер мен мүгедек баласы бар аналардың әлеуметтік-тұрмыстық әл-ауқатын көтеру үшін әрбір балаға кәмелетке толғанға дейін ең төменгі жалақының 50 проценті көлемінде жәрдемақы төлеу мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Айта кетейік, 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңге болып бекітілді. Яғни, оның 50 проценті 21 250 теңге болады.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.