М.МАНАТБЕК, журналист: …қордаланған мәселелерге көңiлiм толмайды

Өз елімізден безіп, қайда барамыз? Ол шешім емес, көңіл-күй ғой. Елдегі оқиғалар, әлеуметтік мәселелер, жемқорлық, рушылдық, жер­шілдік сынды қордаланған мәселелерге көңілім толмайды. Елдің патриоты ретінде менің өзім елден кеткім келсе, онда қалғанына не жорық деген ой менікі. Өйткені, менің туысқандарым, іні деп жүр­ген бауырларым, мен танитын қарын­дастар, әпкелер барлығы шетелде жүр.
Барлығымыз қызмет қуамыз, жағдай жасаймыз деп шындықты ашып айта алмай қалдық. Қашанғы осылай жүре береміз? Ел қашанғы төменге кете береді? Жан-жағымыздың бәрі дамып жатыр, өсіп жатыр. Біз ше? Әлі сол феодализм заманында өмір сүріп жатқандаймыз. Мысалы, бір министрдің төрт орынбасары бар. Оның төрт кеңесшісі бар. Әр орынбасардың екі кеңесшісі бар. Не деген бітпейтін қызметтер бұл?

stan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.