М.МЕГЕРРАМОВ, Мәжіліс депутаты: … 9 АЙҒА ДЕЙІН САНДАЛАДЫ

Үкіметтен мүгедектерді бағып отырғандарға жеңілдік жасап, қағазбастылықтан бостауды талап етеміз. Оларды асырап алғандардың ерте зейнетке шығуға да құқығы жоқ.  Автобустардағы жолақысына жеңілдік жасалмаған. Ал Даун синдромы бар балалар  мүгедектікке құжат рәсімдеу үшін ауру екенін дәлелдей алмай 9  айға дейін сандалады.  Тағы бір түйіткіл –жарымжандарға  банк картасын ашуға да тыйым салынған.  Әлеуметтік жәрдемақы жеке шотына түсетіндіктен, ұзын-сонар кезекке тұрып алу қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап алған адамдарға әлеуметтік мәртебе беруді сұраймыз. Өйткені, олар ауру баласының қасынан  шықпайды. Жұмыс істеуге де мүмкіндігі жоқ. Ал тұрақты жұмысы барлар баласын емдету үшін кезектен тыс демалыс ала алмайды. Және даун, аутизмге шалдыққандардың  мүмкіндігін анықтау әдісін де  өзгерту керек.

                                                                                                                                                                   Кtk.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.