М.МЫРЗАХМЕТОВ: Абайды оқыған, сiңiрген адам қиянатқа бармайды
Абайда жан тану ілімі деген бар. Оған әлі ешкім барған жоқ. Шәкәрім біраз дамытты. Еуропада ол мүлде жоқ. Олар жанды білмейді. Жан туралы біздің түсінігіміз қайшы.
Толық адам бір жерде айтылғанымен, Абайдың бүкіл шығармаларының өне бойында жатыр. Қазір біз шетке кеткен қаржыларды қайтырып, халықтың рухына жұмыс істеуіміз керек. Қазақ қазір оянып келе жатыр. Қайта-қайта митингке шығып жатқаны бекер емес. Сүйегіне батқаннан кейін шығып жатыр. Капитализм де бізді бұзды. Адамды аман сақтауымыз керек. Аман сақтайтын жалғыз ілім – толық адам ілімі. Абайға сүйенсек, біз аман қаламыз.
Мен декан, проректор, ректор болдым. Вагон-вагон ақша келетін жерден аман шыққаным – Абайдың тәрбиесі. Абайды оқыған, сіңірген адам қиянатқа бармайды.
zhasalash.kz