М.Мырзахметов: Әйел бұзылды дегенше, ел бұзылды дей бер
Бүгінгінің байында тойым жоқ. Қанағат жоқ. Ынсап жоқ. Себебі біздің ақилар құныққандар. «Ашыққаннан құныққан жаман» дейді. Мені осылардың тойымсыздығы қорқытады. Дүние-мүлкі шашылып, іріп-шіріп жатса да тоймайды. Шенеуніктің кедейі жоқ. Құдды мемлекеттік қызметке жұмыс істеу үшін емес, баю үшін баратындай.
Анаған-мынаған еліктейміз деп етегімізді аштық. Қайтып жаба алмай қалдық. Қыз мінезінің бұзылғаны сондай – әйел затынан алаяқтар көп шығатын болды. Тіпті ер-азаматтардың қолынан келмейтін қылмысқа баратын болған. Арақ ішу, темекі шегуден жігіттердің алдына түсіп кетті. Ондай әйелден қандай бала туады? Жатырда бүлінген бала ешқашан оңбайды. Ажырасу да көп. Жастай бұзылған қызды қай жігіт жар қылсын? Қазақ «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе есіктегі күңнен тыйым» деп бекер айтпаған. Сондай ел едік қой! Біздің жас кезде «бұзылған қыз» деген сөзді естімейтінбіз. Әйел бұзылды дегенше, ел бұзылды дей бер. Оны түзеу қиын. Еркектер де оңып тұрған жоқ. Жігіттердің бойындағы жалқаулық, нәпсіқұмарлық дендеп кеткен.
jasqazaq.kz