М.ТАЙЖАН: Экономикамызда жасанды монополия көп

Қазақстан көршілерден қанша қарыз алды, қанша өндіріс ашылды, осының нақты үлкен реестрін жасауымыз керек. Бұл сыртқы экономикалық қауіпсіздігіміз үшін өте маңызды деп есептеймін.
Мемлекет экономиканы өте қатал жағдайда ұстап тұр. Ел экономикасында мемлекеттің үлесі, рөлі тым үлкен. Сондықтан мұны азайту керек. Сонда ғана жеке сектор дамиды, жаңа жұмыс орындары пайда болады.
Елде квазимемлекеттік немесе мемлекеттік секторды жаппай азайту қажет.
Бұл өте күрделі үрдіс. Бұл процесті қоғамдық белсенділер, Ұлттық кеңес мүшелері бақылауға алуы тиіс деп санаймын.
Экономикамызда жасанды монополия көп. Олар бағаны ұстап тұрады, салдарынан инфляция жоғары болады. Шағын бизнеске және фирмаларға орын болмайды. Жұмыссыздық көбейеді.Ал экономиканы дамыту үшін сот жүйесі мықты, тәуелсіз әрі кәсіби болуы керек.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.