М.ЖАҚАУ, саясаттанушы:«ТАМАҒЫ ТОҚТЫҚ, КӨЙЛЕГІ КӨКТІК, АЗДЫРАР АДАМ БАЛАСЫН»…

Бұрын әлеуметтік желілер болмағанда мұндай сұмдықтарды әркімнен естіп жүре беретін едік. Осы күндері жастардың арасында не болып, не қойып жатқандығын еркін ресми ақпараттық сайттардан көре беретін болдық.

Не деуге болады? Жастардың басқа айналысар ештеңесі жоқ. Заманауи пікірмен айтқанда, жастар маргинилизацияға ұшырауда. Жатақ­ханаларда қыздардың қыр­ғын төбелесі болды, бөлмелерінен ұялы телефондар ұрланып жатыр деген ақпараттарды естіп жатырмыз.

Тәрбиесіздік, қоғам­дық жобалардың әлсіздігі, білім мен еңбек құндылықтарының болмауы, жалпы «тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» демеп пе еді хәкім Абай. Дәл сондай жағдай орын алып тұр. Оның үстіне жастарда әлеуметтік желіні керек үшін емес, ермек үшін пайдаланушылық ерекше басым. Бұл ойланатын мәселе!

                                                                                                                                                                      Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.