М.ЖАҚЫП, ф.ғ.к., доцент: Ғылым саласын ары да, қолы да таза адамдар басқаруы керек

Ғылыми жобаларға қаржы бөлетін Ұлттық ғылыми кеңеске мүше болған адамдар ғылымға қарастырылған мемлекеттік ғылыми қаржылай гранттарды өз-өздеріне бөліп алып келеді.

Елбасымызға дейін арыз-шағымдарын жолдап, жан-жаққа хат жазған ғалымдар шулап-шулап қойды.

Ал үш жылда бір-ақ рет өткізілетін ғылыми жобаларға мемлекеттік гранттар беру конкурсында тек қана Ұлттық ғылым академиясы мен Ғылым комитетінің басшыларына жақын жүрген адамдардың ғана ғылыми жобалары жеңімпаз деп танылып, қаражат сондайларға ғана бөлінеді.

Ғылым комитетін басқарып отырған адамдар Елбасымыздың «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламаларын, Тұңғыш Президентіміздің идеяларын, ғылым саласының бәрін тамыр-таныстық, рушылдық, жерлестіктің құрбанына айналдырып отыр.

Ғылым саласын ары да, қолы да таза адамдар басқаруы керек.

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.