Махаббаттан қиналған ер адам сүйіктісінің басын шауып тастады

Жантүршігерлік оқиға Қызылорла қаласында орын алды. Жауапсыз махаббатпен қиналған 26 жастағы жігіт өз сүйіктісінің басын шапқан. Сосын ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды  Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған qazygurt.kz

Ресми емес мәліметтер бойынша, ер адам — мұғалім. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы рет 9 қазан күні жазба қалдырған. Сол күні азамат желіге Қызылорда облысының әкімдігінен алған мадақтама қағазымен түскен суретін жүктеген. Ол “Білімнің дамуына атсалысқаны үшін” мадақталған.

Қызылорданың тұрғыны соңғы рет парақшасына келесі күні, сағат 18:22-де кірген. Сосын сағат 21:00-де полицияға басы шабылған қыздың мәйіті жайлы ақпарат түсті. Қаза тапқан қыз 1997 жылы туылған. Марқұм ер адамға тұрмысқа шықпайтынын айтқан. Ашуланған ол, ызаланып, қызды өлтіріп, басын шауып тастаған. Артынша өзіне қол жұмсамақ болған. Кейбір деректер бойынша, ол екеуін бірге жерлеуді өтініп, шағын хат жазған. Қазір ол жан сақтау бөлімінде, сосын түрмеге жабылады.

“Ол бізге ауыр халде түсті. Іш жағы тұсынан пышақталған. Біз оған шұғыл түрде ота жасаттық. Қазір оның жағдайы нашар”, — дейді Қызылорда қаласының бас дәрігері Бауыржан Төлеген.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.