МАҚСАТ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы қызметкерлері, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері, «Шымкент май», «Dani Nan» ЖШС өкілдері қатысты.
Іс-шарада Мемлекет басшысының Жолдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оны болдырмаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану мәселелері, бизнестің адалдығы мен аталған саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғауға бағытталған комплаенс мамандарының қызметі талқыланды.
Комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығы түсіндірілді.
Іс-шараға қатысушылар жиын барысында өз ойларын ортаға салып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қолдайтындарын жеткізді.