Мақтаарал тұрғанда «Шымкентшелеу» деген жаман ат өше қоймас.

Мақтааралдың Жылысу ауыл округінде жалған құжатпен каналдың суларына иелік ету үшін кооператив ашып алып, оның соңы 7 айдан бері шешімін таппайтын дау-жанжал болып келеді. Бұл облысқа белгілі.

Бай-бақуаттылардың заңсыз құрған кооперативінің республиканы шулатса да бой бермейтіні анық. Өйткені, заңбұзушылыққа барғандар қалталы адамдар.

Олар не істеген? Олар ауыл әкіміне білдірмей, оның сыртынан қол қойып, аудандық су бөліміне «Ұсыныс хат »  өткізіп, жалған кооператив құрып, «  Қазсушардың  »  облыстағы филиалымен каналдарға иелік етуге « Келісім шартқа » тұрады.

Олар ұсыныс хатқа ауыл әкімінің 3 күн бұрын жойылып, Актісі жасалынып қойған мөрін « қайта тірілтіп »  хатқа басып алған. Мүмкін емес  дерсіз. Оныңыз дұрыс. Бұрын осы ауыл әкімдігінде « замаким » болып істеген жігіттің тығып жүрген ескі, жойылып кеткен мөр басылған қағазы бәрін « атқарып »  шыққандай. « Шымкентшелеу »  деп жұрт осыны айтса керек.

Ауыл әкімі « байлар»   жасаған ұсыныс хаттағы қол менікі емес деп шырылдаса, аудандық ІІБ қызметкері алдында келіп тұрған тірі адамға сенбей, « Бәрін сот сараптамасы шешеді, күтіңіз »  дейді шіреніп. Бір қарасаңыз тергеушінің айтып тұрғаны бос сөз емес. Осы бір сорақы заңбұзушылықты жасай алған адам, күні ертең Қазақстан түгілі, шетелде сот сараптамасы жасалса да ұсыныс хаттағы қол әкімнің өз қолы болып шығатынына сенетін сияқты. Ал тергеуші де оны сезетін сыңайлы.

Еліміздің төрт бұрышында «шымкентшелеу» сөзін есіткен адамның селк ететіні осындайлардан шықса керек. Ауыл әкімінің ел-жұртынан ұялса да « хаттағы менің қолым емес » деп қайтпай отырғанына жерлестері алаңдай бастағандай. Өйткені, бізде ақшалыларға қарсы сөйлеу – айға секіргенмен бірдей. Ондайлардың Мақтааралда үн-түнсіз жоғалып кетуі де ғажап еместігін жұрт білмейді дей алмаспыз.

Нақты фактінің куәгері болған біздердің « шымкентшелеу »  сөзінің ұзақ жасайтындығына көзіміз жеткендей.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.