МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТУ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік корпорация қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бекітілген ведомствоаралық Жол картасының 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің Мемлекеттік корпорацияның фронт офистеріне бармай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта баламасыз алу және оқытулардан өту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру тапсырылған.
Осы мақсатта аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Саттаровтың төрағалығымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен электронды түрде көрсету үлесін арттыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Жиынға аудандық дербес бөлімдер, кенттер мен ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы Е.Тұрымбетов Мақтаарал ауданында қызмет көрсету сапасын арттыру және жүргізілген ішкі бақылау шараларының қорытындысы бойынша есеп берсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Мақтаарал аудандық бөлімінің маманы Ж.Претова жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру, «Egov.kz» порталынан, «Egov mobile» және Mgov, TelegramBot қосымшалары арқылы электронды түрде қызметтер алу жолдарын интернет желісіне қосылған слайд арқылы толық түсіндіріп өтті.