МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР ОЗЫҚ ЖӘНЕ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН МЕҢГЕРУДЕ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданындағы шаруалармен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын талқылады. Өңір басшысы алыс аудандардағы әлеуметтік ахуалды өз көзімен көріп, қариялармен кездесті. Жалпы ауданда ауылшаруашылық саласында мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған шаруа қожалықтары аз емес.

– Су үнемдеу технологиясын енгізу – уақыт талабы. Одан басқа жол жоқ. Аграрлы өңірімізде ауыл шаруашылығы саласының маңызы зор. Іс бастаймын, еңбек етемін деген азаматтарға «Ауыл аманаты» жобасымен қолдау көрсетілуде. Басқармалар мен жергілікті әкімдіктер бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруы тиіс. Өздеріңіздей еңбекқор жандарға артылар үміт мол. Біз біргеміз! – деді Дархан Сатыбалды.

Мақтааралдықтар ауыл шаруашылығы саласындағы озық және су үнемдеу технологияларын меңгеріп, өнімді арттыруға бел буған. Түркістан облысында көктемгі егіс жұмыстары қарқын алды.

Облыста ауыл шаруашылығы егіс алқаптарының көлемі 870 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, суармалы алқап 552 мың гектар. Жылдық ағын судың қажетті лимиті – 4,4 млрд. м3. Ағын су шығынын төмендету бағытында, су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын қалпына келтіру және жаңа су қоймаларын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 32,3 мың га алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілген (тамшылатып суару 22 мың га, жаңбырлатып суару 10,3 мың га).

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.