«Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы»

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, қаламгер

Өкінішке орай, мына ЭКСПО тойында қонақжайлылығымыз сыр берді. Қысқасын айтқанда, абыройымыз айрандай төгілді. Алдымен жемқорларымыз халықтың тірнектеп жиған ақшасын жеп, бір масқара болдық. Ал көрме басталмай жатып бір таксишіміз шетелдік қонақты әуежайдан қалаға әкелгені үшін 40 мың теңге сұрап, бірден «даңққа» бөленді. «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы» деген қазақтың ұранды сөздерін ұмытқан арсыздар бұдан кейін көбеймесе, азайған жоқ. Мысалы, бір күнгі пәтерақы құнын 45-50 мың теңгеге аспандатқандарға не дерсің? Көрме жаймаларындағы тамақ та тым қымбат екенін газеттің бәрі жамырап жазып жатыр. Ауа мен судан ақша жасаушылар көбейіп кетті. Масқара! Бұл паңдық па, арсыздық па, не сонда?

Қазақстан-Заман

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.