Мамандардың болжамы бойынша биыл қыс ерте түседі

Синоптиктер қыстың үш айына ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамандардың болжамы бойынша биыл қыс ерте түседі. Бірақ былтырғы жылдан қатты болады деп болжанып отырған жоқ. Климаттық нормадан 1-2 градус қана төмен болады.

«Желтоқсанда еліміздің шығыс бөлігінде арктикалық теңіз аудандарынан жиі келетін суық ауа массасына байланысты күн суық әрі қар мол жауады деп болжанып отыр. Есесіне еліміздің батыс өңірінде күн жылы және қар аз жауады», — деп хабарлады орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК ауа райының ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева.

Ал қаңтар айы қытымыр аязымен тосын мінез танытады.Синоптиктердің болжамы бойынша бұл кезде еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 1-2  градус төмен және қар аз жауады.

«Есесіне еліміздің батыс және қиыр оңтүстігінде ауа райы жұмсағырақ болады және жауатын қардың мөлшері еліміздің батысында және оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінің таулы аймақтарында нормаға жуық болады» – деді ол.

Қыстың үшінші айы ақпанда қар мол жауады. Жел күшейіп, боран соғады деп болжанып отыр.

 

Фото интернеттен алынды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.