Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бұрын облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын. Ақтау қалалық сотымен ол лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану фактілері бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеуге тартылды.