Манихей

Тарихшылардың айтуынша, Жібек жолының бойымен келесі бір дін — манихей діні таралған. Ол III ғасырда Иранда пайда болып, тез арада Италиядан Қытайға дейін көп мөлшерде әдептілер тапты. Ол жалпы алғанда зороастрашылдық пен христиан дінінің қосындысы болатын. Христиан дінінен манихей діні — мессианшылдықты, ал зороастрадан ізгілік пен зұлымдықтың, жарық пен қараңғылықтың күресі идеясын алған.
Манихей дінінің Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте, отырықшы тұрғындар арасында өз жақтаушылары болды. Тұрфан алқабынан табылған манихейлік «Екі негіздің қасиетті кітабы» деген шығарманың ертедегі ұйғырша қолжазбасында бұл кітап «он оқ елінде (нанымды) ояту үшін» «Арғу, Талас (Алтын Арғу—Талас-улуше, Талас-улуше)» қаласында жазылды делінген. Бұл арада белгілі Тараз қаласы айтылып отыр.
Жетісудағы бірқатар қалаларында— Баласағүнда, Жікіл-Балықта манихей мекендері болтаны мәлім. Таразды қазған кездетабылған, манихейлік астралдық құдайлар нышаны болып саналатын айы бар, әйел бейнеленген қола медальонды манихейлік жәдігерлер қатарына жатқызған.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.