Манихей діні

Манихей дінінің негізгі идеясы зороастризм діні сияқты дуалистік идеяларға толы болды.Манихей дінінің негізін қалаған Мани шамамен 215 жылы дүниеге келген. Алғашында Сасанидтер манихей дініне қарсылық көрсетпей жүрген, бірақ кейін келе бұл діннің мемлекетке және шіркеуге қарсы уағыздарда таратаныны білгеннен кейін манихей дінін ұстаушыларды аяусыз жазалып қуғындады. Ал Маниді түрмеге қамап, 276 жылы оны өлім жазасына кесті. Бұл діннің ұстанушыларына ендігі жерде жасырынуға тура келді, сондықтан да олар батысқа қарай жылжиды.
Кең көлемде жазылған христиандық аңыз әдебиеттерде манихей дінінің ықпалы өте жоғары болғандығы айтылады. Орта Азияда Согдий қалаларында кең таралады. Осы қалалар арқылы бұл дін Шығыс Түркістан мен Қытайға тараған. Иранда манихей діні ештеңеге қарамастан сақталып қалды, және де өз ықпалын Иран қоғамына тигізді. ІІІ – Ү ғасырларда Иран билеушілері өз жерінде христиан дінін ұсынушылардың жүруіне қарсы болмады, өйткені олардың Римге қарсы соғысында көмегі тиіп қалады деп ойлады деген түсінік бар.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.