МАЗҺАБТЫ ҰСТАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Таяуда ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде жеке құрам арасында «Мазһабты ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында аппараттық кеңес өтті.

Яғни Шымкент қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде наурыздың айының 15-і күні жеке құрам қызметкерлеріне Шымкент қаласы бойынша Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның теологы А.Уралбаев келіп, «Мазһабты ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында  дәріс өткізген болатын.

Өзінің дәрісінде ол: “Бүгінгі күні діни ахуал – елдегі ең өзекті мәселелердің қатарында. Қазіргі кезде қазақ қауымында, әсіресе жастардың арасында, Ислам дінінің ішіндегі теріс ағымдарға еріп кеткендер көп.

Бұның себебі неде? Діни жаңғыру барысында дінмен әуестенудің балалық ауруы. Яғни жетпіс жылдық атеизм салдарынан тамыр үзілгендіктен, дүниетанымдық және басқа да құндылықтардың қақтығысуы барысында тұтынушы қоғамның заңдылықтарына, нарықтық қатынастарға, әлеуметтік ұстанымдарға төзе алмауда. Жастардың өзіне лайықты психосфера іздеп, адасуы, дәстүрлі діни сабақтастықтың үзілуі барысындағы діни сауатсыздыққа алып келді”, -деді.

Қортындылай келе мұндай идеологияның алдын алып, жолын кесу үшін мектептер мен жоғары оқу орындарында өткізілетін “Дінтану” пәнін қалыптастыру керек. Деструктивті ағымдарға қарсы тұру үшін исламдық идеология қажет дегеннің өзінде де, ол бойында рационализм мен бейімделгіштіктері бар Матуриди ақидасы мен Ханафи мәзһабының доктринасы болу керек.

Исламдық білім мұсылманды сауаттан-дыруды  мақсат етіп отыр. Мұсылман дегеніміз – бұл ешкімге зиянын тигізбейтін, өз арымен, ниетімен, амал- әрекетімен үйлесімді өмір сүретін, ахлақты бойына сіңірген, өзін исламмен байланыстыратын тұлға.

Осылай  өз дәрісін қорытындылаған теолог маман А.Уралбаевқа мекеменің жеке құрамы дәріске қатысты сұрақтар  қойып, өздеріне керекті жауаптарын алды.

 Н.Сламбекова,

ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің ТҚЕ  бөлім бастығы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.