МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Бекжанов Берік Айдарбекұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында «Қазығұрт» шағын ауданында жаңадан ашылған «GraMad» сауда орталығының жұмысымен танысты.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Н.Анарбеков, А.Жұмақұлова, Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев және сауда орталығының ұжымы қатысты.
«GraMad» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандырудың жергілікті бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Онда өнімдерді өндірушілер тікелей жеткізеді. Сауда желісіне айналым үшін 800 млн теңге мөлшерінде қарыз қаражаты берілген, сондықтан онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағалар бойынша сатылады. Сауда орталығы қазіргі таңда 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
«GraMad» көтерме-сауда орталығы макарон өнімдерін, жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдерді өз бетінше шығарады. Мұнда барлығы 12 мыңнан астам тауар түрін табуға болады.

Сауда орталығының жұмысымен толық танысып шыққан Берік Айдарбекұлы кездесу соңында тұтыныушыларға қажеттілігі жоғары тауарлардың қолжетімділігін арттыруды мақсат тұтқан сауда орталығының жұмысына оң бағасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.