Медиацияның берері мол

Медиация – қоғамды  бірлестірудің басты күші  ретінде келісімге келу, даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешімге келтіру, азаматтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша соттан тыс реттеу, шешу, соттардан тыс тәртіппен жүргізу институттар жүйесін және оның оң тәсілдері мен тетіктерін одан жоғары дамыту. Медиацияның негізгі мақсаты келіспеушіліктегі оң жақ пен кінәліні анықтау емес, медиацияның негізгі мақсаты тараптарды бітімгершіліке келтіру болып табылады. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады.

Бұл заң жеке жəне заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне өзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ, онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады.

Медиация дауласушылардың жалпы және құқықтық мәдениетінің деңгейі өте жоғары болған жерде кеңінен таралады. Бірақ, ол жоғары құқықтық мәдениеттің туындауы ғана емес, сонымен бірге, оны қалыптастырудың тәсілі болып табылады. Медиация көбінесе соттан тыс әрекеттер шеңберінде кеңінен пайдаланылатын болғандықтан, ол азаматтық қоғам құруға ықпал етеді.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт. «Медиация туралы» заңның қажеттілігі мен оның дамуы өркениет көшіне бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Билердің көмегімен дауды шешу – ата-бабамыздан қанына сіңген қасиет. Барлық дауласушылар билердің көмегімен татуласқан, осыған орай қазіргі таңда туындаған даулар мен жанжалдарды билер мен медиаторлардың қатысуымен шешу қажет, татуластыру мәдениетін қалыптастыру, сот пен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз, сотқа дейін дауды шешу қоғам арасында өте маңызды.

Ә.Уйсимбаев,

Арыс аудандық

сотының

бас маманы

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.