Мейірімділік

Ислам дінінің адамгершіліктік нормаларында тəрбиеге қатысты қайрымдылық, мейрімділік жақтары көп ескеріледі. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда қайрымдылық тиімді. Қайрымдылық көрсеткен адамның көңілі таза, мейрімділік қасиетке ие болады.
Ислам дінінде сүйіспеншілік, мейрімділік, тазалық ерекше орын алады. Сол себепті, ислам дінінің тəрбиелік мəні бүгінгі таңда маңызы зор. Ислам дінінің ерекшелігі — ұлттық салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрыпымызды, рухани қазыналарымызды бір жүйеге салып, құндылығын анықтап, арттыруға көмектесетін тəртіптілік заңы. Ислам діні имандылыққа жетелейді, бойында иманы бар адам ешуақытта жамандыққа бармайды.
Иманды адам ар-ұжданын, тазалығын, əдептілігін, əділеттілігін сақтайды. Əдептіліктің өзі адамның өзін-өзі тəрбиелеуіне, мінез-құлқын дұрыстауына көмектеседі. Мінезі құлқы дұрыс адам қоғамда, қоршаған ортада үлкен игілікті іс-əрекет жасауға дайын. Осылай жастарымыз имандылықты дұрыс түсініп, жақсы əрекеттерімен өздерін көрсетуі керек. Бұл ұғымдар — мəдениеттіліктің ең керекті нышандары, бүгінгі күнгі өзекті мəселелердің бірі.
Біз тəрбиелі адамның дүниедегі болмыс тəсілі деп қарастырсақ, онда дін осы болмысқа мағыналық жəне тұрақтылық беретін күшке айналады.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының қмемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.