Мекеменің кітапханасында 2500-дай кітап бар
ИЧ-167/3 түзеу мекемесіне Шымкент қаласының тұрғыны Мұсабеков Еркін Сұлтанбекұлы өз еркімен әр түрлі жанрдағы тарихи және әдеби 67 дана кітаптарды сотталғандар пайдалануға өз еркімімен қайтарымсыз мекемеге берілді.
Қазіргі таңда мекеменің кітапханасында 2500-дай кітап бар. Орыс қазақ тіліндегі түрлі тақырыптарда жазылған кітаптарды алып оқуға болады. Бір қызығы мұнда қазір қаладағы кітап дүкендерінде немесе кітапханаларында табыла бермейтін кітаптар сақталған. Мысалы 1812жылғы орыс-француз соғысы, Петр 1-ші туралы еңбектер, қазақтың бір туар тұлғасы Есенберлиннің «Көшпенділер» мен «Алтын ордасы», «Алтай жолы» Тахауи Ахтановтың «Отан соғысы» туралы кітаптары көзге тосын көрініп, қызықтыра кететін дүниелер жеткілікті. Кітаптарды өзіңмен бірге алып кетіп жасақта оқуға да кітапхананың оқу залында отырып оқуға да мүмкіндік бар. Кітапханада қазіргі жастардың көпшіліктің қызықты тақрыбы фантастика әлемі туралы кітаптарда баршылық. Өзіміздің қазақ салт-дәстүрі, қазақ тарихынан хабар беретін кітаптар да жеткілікті. Сондықтан мекеме кітапханасының басты мақсаты сотталғандардың мінез-құлқын түзету, оларды лайықты иманды азамат ретінде қалыптастырып, қоғамға қайта қосу ісіне өзінің қомақты үлесін қосуда деп айтуға болады.