МЕКТЕПТЕРДЕ ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛАДЫ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Шымкент қаласы бойынша әзірленген  Жол картасын орындау басты назарда. Бүгінде Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында партия филиалы жанынан 11 қоғамдық кеңес құрылған.  Бүгінгі таңда кеңестер тарапынан өткізілген 57 отырыста 115 мәселе қаралып, 259 ұсыныс берілген. Жол картасындағы 149 шараның 20-сы орындалған болса, 102-сі орындалуда, 27 шара бойынша орындалу мерзімі келмеген.

Бұл туралы бүгін Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау» және «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысында айтылды.

Аталған отырысты партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаев ашып жүргізіп отырды. Оған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов,  қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева және кеңес мүшелері қатысты.

Бірлескен отырыстың күн тәртібінде  екі мәселе қаралды. Алғашқысы Шымкент қаласындағы №12, 19, 37 мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттеріне әдістемелік сүйемелдеуге қажетті қаражат бөлінуін қарастыру болса, екіншісі мәселе қаладағы мектеп оқушыларының жан басына қаржыландыру туралы тиісті басқарманың баяндамасын тыңдау болды.

Кеңес мүшелері қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызына ерекше балаларға қатысты бірнеше мәселені алға тартты. Атап айтқанда, аутизм балаларға мектептерде қандай жағдай жасалғаны, көп күтімді қажет ететін оларға тиісті жағдай жасалған ба, арнайы мамандар бар ма деген сауалдар жолдады. Өз кезегінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева аутизм балалармен жұмыс жасайтын арнайы мамандар даярланып жатқанын және де  қаладағы барлығы 55 мектепте осы санаттағы балалар үшін инклюзивті оқытуды қолдау кабинеттері ашылып жатқанын мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.