Мемлекеттен тегін дәрілерді алуға кім құқылы?
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі 88-бабына сәйкес ҚР әр азаматы кепілдендірілген тегін медициналық көмектің аясында дәрілік құралдармен және медициналық мақсаттағы дәрілік құралдармен қамтамасыз етілуге құқылы.
Дәрілік құралдарды тегін және жеңілдікті негізде алуға болады. Осындай дәрілерді беру сіздің учаскелік дәрігеріңіз немесе профильдік (гематолог, эндокринолог, пульмонолог және т.б.) маман берген рецепттер бойынша науқас жеке басын куәландыратын құжатты (пациенттің туу туралы куәлігін) немесе оның көшірмелерін ұсынғанда беріледі.
Барлық медициналық препараттар және дәрілер тегін берілмейтінін атап өткен жөн. Мемлекеттен қандай дәрілерді алуға болатыны, қандайын алуға болмайтыны – ҚР ДМ бұйрығымен бекітілген халықты тегін қамтамасыз етуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік құралдардың арнайы тізімінде анықталған. Егер сізге керек препарат аталған тізімде болмаса, онда оны тек ақылы негізде ғана сатып ала аласыз.
Сондай-ақ мемлекет есебінен берілетін тегін дәрілер тек белгілі бір дәріханаларда ғана беріледі. Мемлекет тарапынан бөлінетін тегін дәрілердің мекенжайларын осы жерден білуге болады.
Егер КТМК аясында дәрілерді алуда сізден төлем талап етсе немесе беруден мүлде бас тартса сіз Астана және Алматы қалалары облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының жанында құрылған пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестерге немесе Дәрілік ақпараттық-сараптамалық орталыққажүгінуге болады.
Тегін дәрілер қандай ауруларда беріледі ?
ҚР ДМ бұйрығына сәйкес барлық жаңа туған балалар медициналық қораптармен қамтамасыз етіледі. Ананың жағдайына байланысты бала өмірінің алғашқы жылдары ана сүтін алмастырғыштар беріледі. Аталған алмастырғыштар сондай-ақ күндізгі оқу нысанындағы студенттерге де беріледі. 0 ден 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрілер мынадай ауруларда тиісті: асқынған фарингит, бронхит, тонзиллит, жеңіл дәрежелі пневмония және темір тапшылығындағы анемия, рахит.
Диспансерлік есепте тұратын ересек халыққа тегін дәрілер келесі аурулар болғанда беріледі:
- аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшаларын протезделген науқастар;
- жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);
- артериялық гипертензия;
- созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі (СЖЖ);
- аритмия;
- пневмония;
- бронхиалды астма;
- өкпенің созылмалы обструктивті ауруы;
- асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;
- Крон ауруы және тән емес колит;
- миастения;
- эпилепсия;
- психикалық;
- балалар церебралды сал ауруы;
- Паркинсон ауруы;
- қант диабеті;
- қантсыз диабет;
- онкология;
- ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай;
- ревматоидты артрит;
- ювенильді артрит;
- жүйелі қызыл жегі;
- остеоартроз;
- гипотиреоз, гипопаратиреоз, иреотоксикоз;
- акромегалия;
- гепато–церебралды дистрофия;
- фенилкетонурия;
- гемофилия;
- АИТВ-инфекциясы/ЖИТС;
- туберкулез;
- вирусный гепатит В и С;
- кистозный фиброз (Муковисцидоз);
- мукополисахаридоз;
- Гоше ауруы;
- реналдық анемиямен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі;
- ауто-иммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы;
- гемобластоздар мен апластикалық анемияны қамтитын гематологиялық аурулар;
- гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулар;
- шашыраңқы склероз;
- онкология.
egov.kz.