МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ НОРМАЛАРЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

Шымкентте этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандардағы    көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуына мониторинг жүргізіліп, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндеріндегі тілдік нормалардың сақталуына бақылау жасалып келеді.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыруға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мұрындық болып отыр.

Кезекті сондай жұмыстар бойынша аталмыш басқарма қызметкерлері    Еңбекші ауданы  Қаратөбе тұрғын алабы Қапал батыр көшесіндегі 13 кәсіпкерлік нысанда болды.

Нысандардың маңдайшасына жазылған жарнама, жазуларды тексеріп, зерделеген кезде  5 коммерциялық нысаннан Тіл туралы  заң талаптарының бұзылғандығы анықталды. Осыған орай кәсіп иелеріне   ескерту жасалып, бағыт-бағдар беретін түсіндірме парақшалары таратылды.  Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.