МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН КӘСІП БАСТАДЫ

Шымкент қаласының тұрғыны Лаура Шонықбайдың жасы 27-де. Ол ағымдағы жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз  ретінде тіркеліп, сәуір айында мемлекеттік грантқа үміткер ретінде жастар санатымен (29 жасқа дейін) құжат өткізген. Оның кондитерлік өнімдер дайындау бизнес жоспарын комиссия мақұлдап оң қорытындысын берген. Көп ұзамай тиісті грант қаражаты тағайындалып, оған кәсібін бастауға арналған бірнеше құрал-жабдық сатып алған.

— Мемлекеттің осынау қолдауы — кәсіп бастаймын деген жастарға үлкен мотивация. Қармақ берді, ары қарай алып кету әркімнің өз қолында. Шын ниеті бар адам кез-келген істі алып кетеді. Оған сенімдімін. Қиындықтар болмайды емес, болады. Оны жеңетін бір-ақ нәрсе бар. Ол — еңбек, — дейді Лаура Шонықбай.

 

2022 жылы Шымкентте  барлығы 1150 азаматқа мемлекеттік грант тағайындау жоспарланған болса, бірінші кезеңде (сәуір айы) 225 азаматқа грант тағайындалған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.