Министр Абаев Қытайдан қорқудың бірнеше себептерін айтты
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазнетте талқыланып жатқан «Қытайдан қорқу» жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Открытый диалог» бағдарламасының эфирінде Абаев Қытай азаматтарына қатысты визасыз тәртіп енгізу ешқашан көтерілмегенін және талқыланбағанын мәлімдеді.
«Алайда транзит жолаушыларына — Қытай мен Үндістан азаматтарына қатысты 72 сағаттық визасыз тәртіп енгізілді. Қазақстанның ауқымы кең, сондықтан жүк пен жолаушылар транзитінен пайда табуымыз керек. Мәселен, Қытай азаматтары Еуропаға, Ресейге Қазақстан арқылы ұшса, бұл бізге тиімді. Бірақ Қазақстан арқылы теміржол көлігі қызметін пайдаланатын транзит жолаушыларына да, ұшып-қону интервалы ұзақ әуерейстеріне де бір тәулік аздық етеді, сондықтан транзит жолаушыларының елде болу уақытын үш тәулікке дейін ұзарттық», — деді Дәурен Абаев.
Ол атап өткендей, қауіпсіздік, көші-қон, тіркеу және шетелдіктердің елде болу тәртібіне жауапты барлық мемлекеттік органның барша шетелдікті, оның ішінде «Қытай азаматтарын» бақылауға қажетті барлық құралы бар.
«Синофобия, яғни қытайдан қорқы тарихтан бастау алады. Бұл факторды фейк жасаушылар жүйелі түрде қолданылады, себебі Қытайға байланысты кез келген «қорқынышты әңгіменің» барлығын қазақстандық қолданушылар желілерде бірден іліп әкетеді. Екінші фактор — орыс және тіпті ағылшын тілдеріне қарағанда біздің азаматтардың көбі қытай тілін біле бермейді. Сондықтан шын мәнінде не болып жатқаны бізге түсініксіз қалады. Үшінші фактор — Қытайды білмеу. Қытайда болған адам мен болмаған адамның ойында бұл ел туралы ой әрқилы, осы себепті қазақстандықтардың басым бөлігі стереотипке қатып қалған. Қытайлықтар жаппай Қазақстанға ұмтылып жатыр деген сөз – аңыз», — деп мәлімдеді Абаев.