Министр Н.Ермекбаев: Әрбір сақалға тыйым салынбайды, кескіндері мен ерекше сипаттары айқындалады.

 

Бүгін мәжілісте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға өзгерістер енгізу жобасын таныстырды. Бқл туралы Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Заң жобасын таныстырған министр Қазақстанда деструктивті діни ағымдарды анықтауға қатысты нормативтік-құқықтық актілер қабылданатынын айтқан.

«Заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілер, тіпті эскиздер қабылданады. Әрбір сақалға тыйым салынбайды, кескіндері мен ерекше сипаттары айқындалады.Бұл жерде әңгіме кез-келген сақал, дін қызметкері туралы болып жатқан жоқ. Әңгіме деструктивті діни ағымды ұстанатын адамдарға қатысты. Мұнда сыртқы белгілерімен қатар олардың не айтатыны, нені насихаттайтыны рөл атқарады», — дейді Ермекбаев.

Министрдің сөзінше, деструктивті діни ағымды қалай ажыратуға болатынын мамандар анықтайды.

«Сақалының ұзындығы да, басқа белгілері – барлығы жазылады. Егер бір ғана белгісі болса, мысалы қысқа балақ шалбар ғана киіп жүрсе немесе мүлдем дін ұстанбаса оған ешқандай шара қолданылмайды», — дейді Нұрлан Ермекбаев.

Көрнекі фото интернеттен алынды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.