«Мотокөлік»: Шымкентте бес күнде 700-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 17-23 қазан аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасы «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның 5 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 697 дерегі анықталып, 3 мотокөлік айыптұраққа қойылды.

Оның ішінде: Пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарған – 2, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған – 33 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, тыныштықты бұзу бойынша – 36, тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарған – 3 жүргізуші анықталды. Жаяу жүргiншiлердің белгіленбеген жерден өткендер саны да аз емес, 596 (Оның ішінде: мопед, самокат, велосипед жүргізушілеріне қатысты – 76) жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.