«Мотокөлік»: Шымкентте екі күнде 300-ге жуық құқықбұзушылық анықталды
Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 17—23 қазан аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасы «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның 2 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 245 дерегі анықталып, 1 мотокөлік айыптұраққа қойылды.
Оның ішінде: Пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарған – 1, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған – 20 тұлғаға хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, тыныштықты бұзу бойынша – 19, тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарған – 1 жүргізуші анықталды. Жаяу жүргiншiлердің белгіленбеген жерден өткендер саны да аз емес, 201 (Оның ішінде: мопед, самокат, велосипед жүргізушілеріне қатысты – 23) жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі