Мұхтар МАҒАУИН: Біздің билік қазақтың мүддесімен санасып отырған жоқ

Біздің билік қазақтың мүддесімен санасып отырған жоқ. Қазақтық сана атымен жоқ. Бұлар отырған орындарын тек жем жейтін астау деп қарайды. Содан соң қазақпен санасып қайтсін?! Біздің билік орыстан, шешеннен, ұйғырдан, күрдтен қорқады, тек қазақтан ғана қорықпайды. Қазақтың арқасында министр болып отырғанын ойламайды да.

Қазақ бір замандары кеудесі ең жоғары халық еді, қазір басылып қалған. Жетпіс жылдық Совет өз алдына, қазіргі өкіметіміз де төбеден тынымсыз ұрып отыр. Әлденендей ұлтаралық жанжал шықса, міндетті түрде қазақ кінәлі болады. Қазақты өте төмен дәрежеге түсіріп, бәріне құл қылып қойды. Бірақ ақыр түбі дүние оңалып, орнына келетін шығар деп ойлаймын.

kerey.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.