Мұхтар Тайжан: Қазақ қана қазақ бола алады

Бізде бір кездері қазақты қазақстандық ету мақсаты болды. Мен о бастан бұған қарсымын. Бұл шатастыру мақсатында жасалған. Еліміздегі барлық өзге ұлт қазақ болса, қазақтың қаншау екенін қайдан білеміз? Мынау нағыз қазақ, мынау кеше ғана болған қазақ, мынау өзге ұлт өкілінің ішіндегі қазақ деп танимыз ба? Олар қазақ болған соң құқығы да қазақпен бірдей болмай ма? Олар “сен тұр, мен айтайынға” келмей ме? Себебі сен де, мен де, ол да қазақ болып тұр. Бұның астары жай ғана қазақ бола салу емес, астарында саясат жатыр. Қазақ қана қазақ бола алады. Неміс, өзбек, ұйғыр қазақ болмауы керек. Оларға ешқандай мүмкіндік бермеу керек. Қазақтың өзін қазақ қыла алмай отырғанда өзге ұлттар қайдан шықты? Қазақтың өзі қазақша сөйлемей, дініміз жүзге бөлініп, тіліміз үш тілге бөлініп, орыстанып отырғанда басқалар қалай қазақ болады? Алдымен өз ішімізде тәртіп керек. Жоғарыдан бастап ұлттық идеологияға жұмыс істеу керек. Қазақ тілінде сөйлеуге міндеттеу керек.

Басқа елде азаматтық алу үшін қанына қарайды. Қан туралы карта бар. Себебі қан тазалығы деген бар. Не себепті Германия немістерді ғана қабылдап жатыр. Неге Қазақстанның қазақтарына Германияның азаматтығын беріп қоймайды? Қазақстан азаматтығын беру үшін қазақтың тілін, тарихын білуді міндеттеу керек. Ниет болса, адам тілді де, тарихты да оқиды

Alashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.