Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін кеңес беретін жоба іске қосылды

«Даму» жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АБҚО «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-консультациялық қызмет» жобасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты: Қызылорда жәнеТүркістан облыстарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-консультациялық қызметті ұйымдастыру. Қызмет аясында түсіндіру және ақпараттық қолдау көрсету, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңес беру, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға психологиялық қолдау көрсету болып табылады. Қазіргі таңда, жобада 50 мүмкіндігі шектеулі жан білім алуда.
Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі барлық жандарға тегін психологиялық, заң және бизнес бойынша көмек пен консультация беріледі.
Тегін кеңес алу үшін толығырақ: +77017863326 номеріне қоңырау шалу немесе Whatsapp арқылы хабарлассаңыз болады! #cisc2020 #qogamgov

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.