Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты: … ондай үйлерде мал да тұрмайды

Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында қандастар үшін салынған “Нұрлы көш” шағын ауданының проблемасы ұлттық комиссияның қарауына шығарылады.

Былтыр бір топ сенатор сол ауылды барып көрдік. Шынымен де, көше тартылған, электр қуаты берілген. Ол жағынан бәрі жақсы. 276 үй салынған. Бірақ әңгіме сол үйдің сапасында болып тұр.

Ауылдағы әрбір үйді салуға бюджеттен 56 мың доллар бөлінген. Алайда құрылыстың сапасы сын көтермейді. Мен бес үйді көріп шықтым. Қабырғасын гипсокартонмен салған. Төбесі өте жұқа. Фундамент те жоқ. Қыста қандастарымыздың барлығы туған-туысын жағалап кетеді екен. Ондай үйге ақша төлеу үшін жағдай болуы керек қой. Өзім бір тиын да төлемейтін едім. Кешірім сұраймын, біздің оңтүстік жақта ондай үйлерде мал да тұрмайды. Ал олар адам ғой, өз бауырларымыз.

Сондықтан бұл мәселені шешудің бір ғана жолы бар. Ол – барлық жер учаскесін жекеменшікке беру. Бұл шешілетін дүние ғой. Премьер-министр бұл мәселені ұлттық комиссияның қарауына шығарамыз деді. Өйткені қарызын кешіріп, жерді жекеменшікке бермесе болмайды.

ult.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.