Н.НҮСІПЖАНОВ, Қазақстанның Халық әртісі: Бұл – өте қауiптi табылыс

Бір-ақ күйініш бар, жастарға дұ­рыс тәрбие бере алмай жатырмыз. Қазір білімсіз жастар өсіп жатыр. Бұл – өте қауіпті құбылыс. Ол бос кеуде­лерді басқа ағымдар пайдаланып, солар жұ­мыртқасын салып жатыр. Сондықтан үлкеніміз бар, кішіміз бар, үкіметімізден бастап тәрбие мәселесін қолға алуымыз керек. Бұл – кешігуді, ойлануды күтпейтін өте өзекті мәселе. Біз бір-бірімізді иықтан қағып, өтірік алдап жүргенде бірнеше буын алмасып үлгерді. Енді есімізді жимасақ, осылай буын алмаса береді. Біздің ең үлкен жоғалтып отырған дүниеміз осы – тәрбие. Ұрпақ қауашағына түскен құртты еш­қан­дай ақшаның көмегімен кетіре алмайсың. Ондай сырқаттың алдын алу керек. Самарқаулық пен өтіріктен құтылмаса болмайды Бұ­­­­­­­­­­­­рын ел ісіне ара­ласатын кадр­ларды тәрбиелеп, сосын жұрттың са­рабына салып талқылатып барып, қызметке қоя­тын. Әке-көкесі бардың бәрі ел ісіне араласа бермейтін. Ал ол – «бармақ басты, көз қыстылық», Отанға жасалған опасыздық.

astana-akshamy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.