Н.НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс төрағасы: Әлеует бар, өсiм жоқ

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі төмен, соның кесірінен қазақстандықтар шетелдің сары майын, ірімшігі мен сүзбесін сатып алуға мәжбүр. Қазақстан еттің тек 33 процентін, ал сүттің 31 процентін ғана өңдейді. Біздегі барлық өңдеуші кәсіпорынның жүктемесі әлі де төмен – 60 процент деңгейінде қалып отыр. Мәселен, Ресей мен Беларусьта осыған ұқсас кәсіпорындардың жүктемесі 80 проценттен асады. Қазақстанға импортталатын ресейлік және беларусьтік сүт өнімдері осыған дәлел. Статистикаға талдау жасап, біздің елдің жыл сайын жалпы сомасы 45 миллиард теңгеге 6 мың тоннадан астам сары май, 22 мың тоннаға жуық ірімшік пен сүзбе, 6 мың тоннадан астам ет консервісін импорттайтынына таңғаласың. Дәл осы өнімдерді отандық өңдеу зауыттары өндіре алады ғой, өндіруі тиіс те. Әлеует бар, өсім жоқ.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.