Н.ӨНЕРБАЕВ, қоғам қайраткері: Кадр таңдауда бiлiктiлiгiне қараған абзал!

Мемлекеттің ақшасымен, сенімімен шетелге оқуға кеткен жас маман бұрын қандай тәрбие алды? Соның бәрін білмей тұрып «шетелден оқып келді екен» деп жұмсақ креслоға жайғастыра салу – дұрыс шешім емес. Оқу бөлек, ал тәжірибе мүлде бөлек дүние. Мемлекеттік қызметке барған жас маман алдымен өзінен жасы үлкен, тәжірибесі мол сақа мамандардың, жұмысты білетін азаматтардың жолын көруі керек. Солардың мектебінен өтіп, шыңдалуы тиіс. Баспалдақтан өтпеген жас сары ауыз балапан құсап қаңғалақтап ұшамын деп, тауға- тасқа соғылуы мүмкін. Сондықтан, кадр таңдауда оның біліміне емес, біліктілігіне қараған абзал!

jasqazaq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.