Н.САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты:… үйлердi сатып алады
Жергілікті атқарушы органдар зардап шеккендермен тиісті шартты жасамай, жауапкершілікті және жұмыстың сапасына кепілдікті қарастырмай, тұрғындардың үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл зардап шеккендерің үйлерінің сапасыз жөнделуіне алып келген.
2018 жылы маусымда ҚР Үкіметі қаулысында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге қайталама нарықта тұрғын үй сатып алу қарастырылған. Бірақ мұндай тұрғын үйді сатып алуда үйдің бір шаршы метрінің бағасын есептеу тәртібі мен үйдің салынған жылы, техникалық жағдайы, үйді таңдау талаптарын көздейтін қағидалар болмағандықтан, жергілікті атқарушы органдар осыдан 35-40 жыл бұрын салынған ескі үйлерді сатып алады. Үй құнына байланысты мәселелер туындап отыр.
Baq.kz