«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АППАРАТЫ МЕН ФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының аппараты мен қалалық мәслихаттағы фракция мүшелерінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде 3 негізгі мәселе, атап айтсақ партияның аймақтық филиалы мен фракция мүшелерінің алдағы кезеңге арналған қоғамдық-саяси және идеологиялық міндеттері, фракция мүшелерінің партия жарғысын орындауы мен партия этика кодексіне сәйкес міндеттері, Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жұмысын жандандыру туралы мәселелер қаралды.
Жиын барысында Партияның Мәслихаттағы фракциясының жұмысын барынша күшейту және қалалық партия филиалы аппаратымен тығыз байланысты нығайту жолдары талқыланып, Сайлауалды бағдарламаның орындалуы мен халықтың талап-тілегін қанағаттандыру тетіктері ортаға салынды.
Мәжілісте қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратовтың Партияның аймақтық филиалы мен фракция мүшелерінің алдағы кезеңге арналған қоғамдық-саяси және идеологиялық міндеттерін баяндап, әрбір фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі күшейту мәселелері мен нұротандықтардың халықпен жүйелі және нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заманауи рейтингтік технологияларды енгізудегі жаңашылдықтармен таныстырды.
Сондай-ақ, Фракция мүшелерінің партия жарғысын орындауы мен партия этика кодексіне сәйкес міндеттеріне тоқталған партиялық бақылау инспекторы Бағдат Искаков Шымкент қалалық мәслихатындағы 30 депутаттың 23-і «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі екендігін жеткізіп, фракция мүшелерінің негізгі функциялары мен құзыреттіліктерін баяндады.
Кеңейтілген мәжіліс соңында Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Партия алдында сайлау алды бағдарламада көрсетілген 149 іс-шараны сапалы орындау, стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және іске асыру міндеті тұрғанын жеткізіп, Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісіне және мүшелеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді.