Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс төрағасы: … өздері де, ақша да жоқ

Мен министрмен (Сапархан Омаров) келіспеймін. Бәрі жақсы, бәрі керемет дейді. Бірақ негізгі проблема мынада, “ҚазАгроның” кредиттері қайтарылмай жатыр. Соңғы бес жылдың ішінде компанияның жарғылық капиталына 500 милллирд теңгеден астам қаржы құйылды. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша холдингтің шығыны 400 миллиард теңгені құрады. Сонда компания табысты емес, шығынды жинап отыр ғой. Бұл жұмбақ бір құрылым, “Бермуд үшбұрышы” сияқты. Ақша кіреді де, ізім-ғайым жоқ болып кетеді. Енді, тағы 60 миллиард сұрап отырсыздар.

Кредит ретінде берілген миллиардтаған қаржыны қайтару мәселесіне баса назар аудару керек. Себебі әзірше ешқандай нәтиже жоқ. Ал ол ақшаны тарату жүйесі сын көтермейді.

Шаруалар да өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Холдинг ірі компанияларға ғана ақша беріп отырады. Артынан сол екі-үш компания “ Аллаху әкбар” болып кетеді, өздері де, ақша да жоқ.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.