Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс төрағасы: Ал олардың жазасы қатал болуы шарт
Мемлекет басшысы жазаны күшейтуді тапсырды. Бірақ үкіметтің нұсқасында ондай күшейту жоқ. Біз 297-бап жайында айтып отырмыз. Онда электронды ресурстар арқылы есірткі заттарын сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Иә, дұрыс. Бірақ ол бап бойынша тек интернетке есірткі жарнамасын салатындар және әлеуметтік желілерде есірткінің жатқан жерін көрсететіндер жазаға тартылады. Ал “трафаретчиктер”, яғни ғимараттар мен шарбақтарға сурет салып, шартты белгі қалдыратындар жайында ештеңе жазылмаған.
Қылмыстық кодексте есірткі заттарын жарнамалайтындардың жауапкершілігін бөлек көрсету керек. Ал олардың жазасы қатал болуы шарт.
Жалпы, парадокс болып тұр. Президент есірткіні таратқаны үшін жазаны күшейтуді тапсырды. Депутаттар осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстар енгізді. Ал үкімет қылмыстық заңнаманы гуманизациялауды сылтау етіп, ол ұсыныстарды кері қайтарып отыр. Онымен ішкі істер министрлігі қалай келісті?