Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты: «Қойшы көп болса, қой арам өледі»

Баспана салудағы тағы бір кемшін тұс – екпіннің баяулығы. Екі жарым жылдың ішінде үй кезегіндегілердің 6 пайызы ғана өз баспанасына қол жеткізген. Алматы облысында 48 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Соңғы үш жылда оған бар болғаны 18,7 млрд. теңге ғана бөлінген. Егер біз осындай қарқынмен тұрғын үй салатын болсақ, тіпті, енді 50 жылдың өзінде кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін болмайды. «Нұрлы жердің» шапағатын көруге асыққан жұрт жан-жаққа сабылып жүр. Өйткені, мемлекеттік бағдарлама­ны іске асырумен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Баспана», «Қазақстан ипотекалық компаниясы» мен «Бәйтерек» холдингі айналысады. Бір-бірін қайталайтын операторлар санын қысқартуды талап етеміз. «Қойшы көп болса, қой арам өледі».

qazaquni.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.