Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты: Мәдени деңгейімізді көтермейінше, көп нәрсені жоғалтамыз

Шекара сызығы не үшін сызылады? Бұл – елдің қорғаныс шекарасы ғана емес, мәдениет шекарасы деген сөз. Осы сызықтың ішінде мәдени кеңістік болады. Мәдени кеңістік аясында ұлттық құндылықтар қалыптасады. Біз Әл-Фарабидің, Абайдың және басқа тарихи тұлғалардың мерейтойларын тек той тойлау үшін өткізбейміз. Бұл шаралар Қазақстан халқын біртұтас – бір мәдениет шеңберінде тәрбиелеуге бағытталған.

Заң жобасына енген жаңа норма­лар­ға сай фонограммамен ән айту шектеледі. Ондай норма шынайы таланттарға жол ашады. Алайда ұлттық өнерімізге баса назар аудару қажет.

Эфир – Қазақстан эфирі. Ондағы жиілікті мемлекет береді. Қазақстанда жұмыс істейтін түрлі теле, радиоарналар эфирлік жиілікті конкурс арқылы алады. Ендеше

неге біз мемлекеттің мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мәселесін талап ете алмаймыз? Радио таратушыларға неге міндеттей алмаймыз?

Қазақстан эфирінде қазақтың ән мен күйі саңқылдап естіліп тұруы керек. Сонда ғана елдегі рухани жаңғыру ерекше сипатқа ие болады.

Ұлттық мәдениет пен рухани мәдениет адамды тәрбиелейді. Күнделікті түрлі былықшылықтың, жемқорлықтың, сыбайластықтың, әдепсіздіктің орын алуы мәдениеттің болмауынан. Мәдени деңгейімізді көтермейінше, көп нәрсені жоғалтамыз.

sputnik.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.