Ө.ШӨКЕЕВ: 3 МЫҢ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Биыл бюджет есебінен Түркістан қаласында 42 тұрғын үй құрылысын тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде 3 мыңға жуық пәтер беріледі. Оның ішінде 600-дей көп балалы, аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік осал  отбасылар баспанамен қамтылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифингте мәлімдеді.
«Жүзеге асып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғын үй құрылысына үлкен қарқын берді. 2021 жылдың 10 айында 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2,2%-ға ұлғайды. Бағдарлама аясында барлық қаржы көздері есебінен 13 мыңға жуық пәтерлі 232 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Жалпы облыста 1,5 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үй бар», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.