Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып, 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік инвестициялық жобаның жүзеге асады. Нәтижесінде 1050 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бұл туралы жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы туралы баяндаған өңір басшысы бұл бағыттағы маңызды жоспарлармен бөлісті.
Түркістан қаласындағы туристік нысандар бойынша ақпараттар әлемдегі ең ірі «http://xn--ripadviser-mwi.com/» саяхатшылар порталына енгізілді. Облыстың туристік нысандарымен танысудың кәсібилік сапасын арттыру және өңірге келетін қонақтар, туристермен жұмыс жүргізетін гид-экскурсоводтардың білікті кадрлар санын ұлғайту үшін 50 гид-экскурсовод мамандары даярланды.
«Түркістан қаласына келуші туристер саны артып келеді. Жыл басынан 1,1 млн. адам келіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6 есе артты.
Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру бағытында «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты теміржол магистралі салынады. Бұдан бөлек, Түркістан қаласы аумағында жағажай демалыс орындарын ұйымдастыру мақсатында жасанды көл, ескек есу каналы, туристік-рекреациялық аумақ салынып жатыр. Келер жылы аяқтау жоспарлануда. Тау-шаңғы туризмін дамыту мақсатында Төлеби ауданында «Қасқасу туристік-рекреациялық орталығы» салынады. Бүгінгі таңда, инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Аталған жобаларды іске асыру облысымыздың туристік әлеуетін арттырып, қосымша жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.
Алдағы 5 жылда облысқа келуші туристер санын 2,5 млн. адамға жеткізуді жоспарланған. Туризм саласында кәсіби мамандарды даярлау, сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Түркістан қаласында ашылған Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 2 мыңға жуық жас білім алуда. Университ студенттері халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл оларға өз мамандығы бойынша әлемнің кез келген нүктесінде кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Түркістан облысының тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып табылады. Облыс аумағында 1663 тарих және мәдениет ескерткіштер орналасқан (1 халықаралық маңызы бар Қ.А.Ясауи кесенесі, 31 республикалық, 421 жергілікті маңызы бар, 1210 алдын ала тізімдегі нысандар).