ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ: САНА ТҮЗЕЛМЕЙ, СЫБАЙЛАСТЫҚ СЕЙІЛМЕЙДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында облысқа қарасты Түлкібас және Отырар ауданында үгіт-насихат жұмыстарын кездесті.

Ағартушылық бағытта өрбіген келелі шараның негізгі мақсаты — парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Ең алдымен, Түлкібас ауданына жол тартқан Ерұлан Тұңғышбаев Департамент жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ердәулет Әдиатпен аудан әкімдігінің қызметкерлері мен аудандық мемлекеттік кірістер және полиция бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ орталық аурухананың дәрігерлерімен кездесіп, адалдық принципін жаңғырту арқылы жемқорлық кеселінен арылтуға үндеді.

Сондай-ақ, арнайы Отырар өлкесіне барған Штаб төрағасы ауданға қарасты Балтакөл, Маяқұм, Көксарай ауылдық округтерінде болып, ауыл әкімдерімен және ауылдық емхана, почта қызметкерлерімен, сондай-ақ учаскелик полиция инспекторлары мен тұрғындарымен мақсатты жиын өткізді.

Пайдакүнемдіктен алшақ болуға үндейтін басқосуда Штаб жетекшісі Агенттік жұмысының ашықтық және парасаттылық құндылықтарына негізделгенін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік таныта отырып бірлесе күресуге шақырды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.