Өгей әкесі зорлаған 12 жасар қыз одан жүкті болып қалды
ӘзірбайжандаӘзірбайжанда 12 жасар қыз баланы өгей әкесі зорлап тастады. Салдарынан жеткіншектің аяғы ауырлап қалған. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 12 жасар қыз баланы өгей әкесі зорлап тастады. Салдарынан жеткіншектің аяғы ауырлап қалған. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Балалар үйінің басшысы Кямаля Агазаденің айтуынша, дәрігерлер жеткіншекке түсік тастауға болмайды деген шешімге келген.
«Дәрігерлер жеткіншекті қарап шығып, баланы қалдыру керек деген шешімге келді», — дейді ол.
Еске салсақ, Эльчин Шиндиев азаматтық некедегі әйелінің 12 жасар қызын әйелі үйінде жоқ кезде зорлап тастаған. Қыз бала бұл туралы тіс жармағанымен, жүктілігінің 22 аптасында шындықтың беті ашылады.