ОЙЫН АЛАҢҚАЙЛАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қаладағы Жангельдин көшесі №28 көпқабатты тұрғынүй адамдарының атынан арыз түскен болатын.

А.Бағымкулованың айтуынша, аталмыш тұрғын үйдің ауласындағы балаларға арналған спорт алаңшасының тозғы жетіп, газоны ескірген екен.

Өтініш иесінің мәселесімен Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлының ықпалымен «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС мердігер мекеме тарапынан арнайы техника мен жұмысшылар тартылып, жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылдың мамыр айында балалар ойын алаңшасындағы орындықтар жөнделіп, ирригаицялық арықтарды тазалау жұмыстары толық жүргізіліп, спорт алаңшасының газоны ауыстырылды.

Ел болашағы – жастардың денсаулығы мен білімінде. Осы мақсатта баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Бұқаралық спортты дамытуға дендеп көңіл бөліп, аудандарда ойын және спорт алаңшалары жөнделіп, ретке келтірілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.