ОҚО әкімі 60 мың тонна мақта шикізатын дайындайтын зауыттың жұмысымен танысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болып, бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Сапары барысында аймақ басшысы Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауытында, Асықата кентіндегі «Ақ алтын береке» сүт өнімдерінің цехын,  Мақтарал ауылдық округіндегі «Жарқын» шаруа қожалығында болып, жұмыстарымен танысты.

«Мақтарал ауданының облыс ауыл шаруашылығын дамытуға қосып отырған үлесі орасан.   Осы ретте диқандар мен шаруаларға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдау білдіріліп отырғанын айта кетуге тиіспіз. Облысымыздағы шаруа қожалықтары кооператив боп бірігіп, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржы ұйымының қаржылай қолдауына ие болып, табыстарын еселеуге мүмкіндік алды», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

 

Жалпы биыл Мақтарал ауданында 94 мың гектарға мақта дақылы егілген. Оның  бүгінде 63 мыңнан астам гектарындағы жиым-терім жұмыстары аяқталуға жақын.  Шаруалар гектарына орташа есеппен 20 центнерден өнім алып отыр.

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.